10–11 сынып · университетке дейін

Бір таңдаудың артында — бүтін бір өмір бар

Talapker — оқушыны A нүктесінен B нүктесіне дейін бір жыл бойы алып жүретін трекер. A — бағыт белгісіз, портфолио жоқ. B — грантпен университет.

A нүктесі
Бағыт жоқ, портфолио бос
Жол
Күнделікті трекер + куратор
B нүктесі
Грант, дайын портфолио

Кіру ID-ін кураторыңыз береді. Бір топта — 20 оқушыға дейін.

Сіз қай баспалдақтасыз?

8–9 сыныпта басталған кішкентай қадамдар болашақта үлкен нәтижеге алып келеді.

«Өзін түсінген, әлемді түсіне алады!»

Жыл бойы не болады

Күн сайын — 5 әрекет

Оқу, тест, ағылшын, спорт, жоба. Екі минут кешке. Норманы куратор жеке қояды.

Аптасына бір рет — куратор

Не істелді, не кедергі болды, келесі аптада не істейміз. Жалғыз қалдырмайды.

Бір сан — дайындық индексі

Академия, портфолио, тұрақтылық және жоспар бір көрсеткішке жиналады.

Жетістік — тек расталған

Портфолиоға куратор растаған жазба ғана кіреді. Сондықтан оған сенуге болады.

Бес кезең

Кезең — күнтізбе емес, жабылған міндеттер тізімі. Оқушы кезеңде тұр, өйткені міндеттері әлі жабылмаған — кураторға кім қай жерде тұрғаны бірден көрінеді.

Бағдар

Бағыт, 3 мамандық және 5 университет таңдалды. A нүктесі белгілі.

Негіз

Академиялық минимум: мақсатты ұпай белгіленді, күнделікті режим тұрақты.

Портфолио

Олимпиада, жоба, волонтёрлік және көшбасшылық — кемінде 6 жетістік.

Құжат

Эссе, ұсыныс хаттары, CV және сұхбатқа дайындық — бәрі дайын.

Финиш

Өтінімдер тапсырылды, нәтиже алынды. B нүктесі — университет.

Күнделікті екі минут

Оқу30 минутТест30 сұрақАғылшын20 минутСпорт30 минутЖоба30 минут

Норманы асыру есепке кірмейді: мақсат — рекорд емес, тұрақтылық. Сондықтан өткізіп алған спортты төрт сағат оқумен «сатып алу» мүмкін емес.

Мектеп немесе орталықсыз ба?

Talapker серіктес мектеппен жұмыс істейді: кураторға өз кабинеті беріледі, ол өз оқушыларын қосады, оларға кіру береді және аналитиканы көреді. Биыл біз бір мектеппен және шағын топпен бастаймыз — трекинг қолмен істелетін жұмыс.

Серіктес болу